Қаржы министрлігі «Bazis-A» және «BI Group» компанияларын кірістерін кем көрсетті деп айыптады
Фото: BI Group
«Bazis-A» және «BI Group» құрылыс компанияларына салық салынатын кірісті 16,5 млрд теңгеге кеміткені туралы хабарлама жіберілді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Мемлекеттік кіріс органдары «Bazis-A» компаниясына салық салынатын кірісті 4,6 млрд теңгеге, ал «BI Group» компаниясына 11,9 млрд теңгеге төмендетілгені туралы хабарлама жіберді», деп жазылған хабарламада.
Бұл жұмыс 2022-2023 жылдарға арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын субъектілер мен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте қызметін жүзеге асыратын компаниялар арасындағы өзара есеп айырысуды талдау аясында жүргізіліп жатқаны хабарланды.
«Талдау көрсеткендей, бұл компаниялар салық төлемдерін азайту үшін арнаулы салық режимдерін пайдаланады», деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 28 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ірі бизнес өкілдерін, соның ішінде «Bazis-A» және «BI Group» құрылыс компанияларын қатал сынға алып, салық төлеуге екі апта уақыт берген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық