Қарлы боранда жоғалып кеткен сегіз жасар бала табылды
Бала Аягөз қаласының маңынан табылды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындармен бірге баланы ауыл шетінен тауып алды.
Қарлы боран кесірінен бала адасып кеткен. Боран басылған соң іздеушілердің жарығын көрген ол сол бағытқа қарай өзі жүріп келген. Қазір бала ата-анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
«Баланы іздеуге атсалысқандардың барлығына алғысымды білдіремін» деді полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 74 адам, 17 техника, 2 ұшқышсыз ұшатын аппарат және 20 ат қатысты. Оқиға орнына Семей қаласынан төтенше жағдайлардың қосымша күштері мен құралдары шықты. «Қазавиақұтқару» тікұшағы ақпанның 12-сі күні таңертең ұшуы тиіс болатын.
Қазір жедел әрекет ету бөлімшелері тұрақты орындарына оралуда.
Баланы іздеу жұмыстры ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындаған.
Жаңалықтар
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді