Кәрізге құлап қайтыс болған балаға қатысты балабақша директоры мен тәрбиешіге шартты жаза берілді
Атырауда өткен жылы қайғылы оқиға болған «Чебурашка» балабақшасының директоры мен тәрбиешісіне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс материалдарына сәйкес, жеке меншік балабақша 2023 жылдың мамыр айында ашылған. Бір жылдан кейін қайғылы жағдай болып, баллардың бірі қараусыз қалып, ашық тұрған кәріз құдығына құлап, қайтыс болған.
«Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындады. Баланың өліміне олардың қатысы оқиға орнын тексеру хаттамалары, фототіркеу материалдары, куәгерлердің айғақтары және басқа да іс материалдары арқылы дәлелденді», деп мәлімдеді сот.
Нәтижесінде, сот директор мен тәрбиешіні ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша («Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Алайда, ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, шартты жаза тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді