Каринова білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды
Фото: Primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолы:
1998-1999 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1999-2000 жылдары — орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2000-2002 жылдары — директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2002-2003 жылдары Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.
2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысы міндетін атқарушы.
2004-2005 жылдары — СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.
2005-2008 жылдары — СҚО Тайынша ауданының Білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2008-2009 жылдары — СҚО Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
2009-2012 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласы.
2012-2013 жылдары — Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.
2013-2017 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының м. а., басшысы, Петропавл қаласы.
2017-2018 жылдары — ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары — Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық