Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы аукционда сатылды
Коллаж: Orda.kz
ҰҚК экс-төрағасы Кәрим Мәсімовтің самурай қылышы аукционда сатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
4 қараша күні электрондық сауда алаңына жалпы құны 520 миллион теңгеден асатын 42 қымбат бұйым қойылды. Олардың қатарында брендтік сағаттар, зергерлік әшекейлер мен люкстік аксессуарлар бар еді.
Сауда нәтижесінде тек бір ғана лот сатылды. Ол — болаттан жасалған, сабына бедерлі геометриялық өрнек салынған қынаптағы самурай қылышы. Қылыш 542,7 мың теңгеге сатылған.

Еске салайық, Астанадағы Кәрім Мәсімовтің вилласын тінту кезінде қару-жарақ, антиквариат, алтын құймалар, сағаттар, картиналар және басқа да қымбат бұйымдар табылған. Аумағы шамамен 2,9 мың шаршы метр болатын үйде бассейн, сауна, дискобар, караоке және жеке сахна болған. Сондай-ақ үйден миллиондаған доллар ақша мен бизнес-класстағы 11 көлік табылған.
Үй мен жер телімінің құны 1,5 миллиард теңгеден асты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық