Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрады
Фото: 365.info
Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берді.
Бұл туралы Informburo.kz сауалына берген жауабында ҰҚК хабарлады.
Қазіргі уақытта ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шешімімен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.
«Иә, ол осы мекемеден 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім туралы өтініш жолдаған» деп растады ҰҚК.
Сондай-ақ Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру») және 366-бабының 4-бөлігі («Аса ірі көлемде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны хабарланды.
Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс аса құпия грифімен белгіленді. 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана соты оны мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді және билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оның үкімге шағымдану әрекеті сәтсіз аяқталды – апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық