Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
Фото: freepik.com
Қазақстанда бірнеше рет алаяқтық жасап, ізін суытқан Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, ол 2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдап, олардың сенімін теріс пайдалану арқылы ірі мөлшерде алаяқтық жасауға көмектескен.
Күдікті мен оның сыбайластары Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде берген. Өз компаниялары арқылы ақша қаражатын инвестициялауға үгіттеген. Жәбірленушілерден түскен қаражатты қылмыстық топ өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
«Алаяқтардың қылмыстық әрекеті салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келтірілген», деп хабарлады Бас прокуратура.
Қылмыс жасалғаннан кейін 4 сыбайлас сотталды. Ал біреуі бой тасалап үлгерген.
Былтыр наурызда ол Ресей аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық