Қарағандыны еріген қар суы басып жатыр
26 наурызда Қарағандыда ауа температурасы күрт көтеріліп, қаланың әртүрлі аудандарында жолдарды, жеке және көпқабатты үйлердің аулаларын су басты.
Майқұдықта кем дегенде 4 жеке үйге су кірді. Өткен жылы дәл осындай жағдай болған.
«Үйде де су, жертөледе су бар, сорып аламыз. Балалар ауруханасы орналасқан жерде су жиналып ағыспен ылдиға қарай түседі. Үйлердің арасымен ағады. Ондағы кейбір үйлерді де су басқан» деп қосты көшенің тұрғыны Алексей Сенчук.
Сағат алтыға қарай тұрғындар көмек күтті. Әкімдік техника жіберіп, су тартыла бастады.
«Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Су арнасы бұрылды. Біз үй аумағындағы суды сорғызып тастаймыз. Бұл су қалың қардың еруі мен жоғары температураның әсерінен. Жағдай бақылауда»,- дейді Әлихана Бөкейхан аудандық тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Асылбек Жұмақаев.
Қаланың арғы шетінде даладан ағып жатқан су жаңа «Баспана» тұрғын үй кешеніндегі дүкенді басып қалды. Кәсіпкерлер ызаланып, шығынды кім өтейтінін білмей отыр. Жертөледегі балабақшаны да су басқан. Су тартылып жатыр, бірақ балабақшаның жертөлеге қалай түскенін енді құзырлы органдар анықтайтын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық