Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды
Фото: Егемен Қазақстан
Сегіз адам зардап шекті, оның алтауы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды Оқиғаның мән-жайы анықталуда» делінген хабарламада.
Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған оқиғаға байланысты оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
20 шілде күні сағат 04.10-да «YDD Corporation» ферроқорытпа зауытында кенеттен жалын шығып, нәтижесінде зауыттың сегіз қызметкері әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Олар профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Оладың алтауы жансақтау бөліміне, екеуі жедел терапия бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы аса ауыр, екеуі ауыр, бір науқастың жағдайы орташа деп бағаланып отыр.
Зардап шеккендерді арнайы мамандар тексерді. Қосымша тексерулер жүргізілді. Науқастар барлық қажетті емді толық көлемде алады, деп сендірді аурухана.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл