Қарағандыда тұрғындар жылусыз қалды
Фото: freepik.com
Қарағандыда КамАЗ жылу трассасын бұзып кетті. Нәтижесінде қаладағы жеке үйлерге жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарағандыдағы Шәкіров көшесінде жүк тиеген КамАЗ жылу трассасын бұзған. Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандар ескі құбырды жаңасына ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәліметтерге сүйенсек, 60 үй жылусыз қалған. Тұрғындар үйлерін тастап, басқа жаққа кетуге мәжбүр болған.
«Бүгін Шәкіров көшесіндегі жеке секторда өзі басқарған көлік өлшемдерін ескермеген жүк көлігінің жүргізушісі жылу жүйесін бұзып кетті. Жеке тұрғын үйлерге жылу беру жартылай тоқтатылды. Қазір аудан әкімдігі мен «Жылутранзит» ЖШС өкілдері жұмыс орнында, жүйе қатып қалмас үшін суды ағызып жатыр, сонымен қатар ескі құбырды бұзып, жаңасын орнатуға кірісті» делінген жергілікті әкімдік хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық