Қарағандыда соққыға жығылған жігіт ұрған жігіттен 5 млн теңге өндіріп алмақшы
Фото: Ашық дереккөзден
Сондай-ақ жедел жәрдем жүргізушісі істі қайта қарап, жазаның ауырлағанын талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Соққыға жыққан тұлға өзінің іздестіріліп жатқанын білмеген» деген ақпарат жалған болып шықты. Айта кетейік полиция оны болған оқиғадан 5 күннен кейін тапқан. Ол досының үйіне барып қонған.
«Сол күні ол маған келіп, түнеріп отырды. Тіпті шай ішпеді. Ол ойланып отырды. Мен оны жалғыз қалдырдым. Үйге ұйықтауға кетті . Ол менімен бірінші рет түнеді. Мен оған көп сұрақ қоймадым», - деді сотталушының досы Роман Деев.
Еске сала кетейік 27 қаңтар күні Қарағандыда көпқабатты үйлердің маңайында жедел жәрдем көлігінің тұрғаны жүк көтеріп бара жатқан тұрғынға ұнамаған. Соңы жанжалға айналып, тұрғынның ызасын келтірген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі соққының астында қалған.
Кейін зардап шеккен жүргізуші қылмыскерді кешіретінін айтқан. Артынша ойын өзгертіп қылмыскерден 5 млн теңге мен моральдық шығын өтеуді талап етті. Өйткені жүргізушінің мұрны мен бірнеше қабырғасы сынған. Бұл күнде жүргізуші мұрнына екі рет ота жасатқан.
«Сотталушы айыпты ішінара мойындайтынын айтты. Бұл не екенін түсінесіз бе? Яғни, адам тіпті азаматтық талап туралы емес, ақша туралы емес, айыптау туралы айтып отыр. Ол ішінара мойындайды. Не айтуға болады? Қандай ақша туралы? Төреғали өзінің материалдық шығыны үшін соңына дейін күреседі. Егер оған апельсиннен басқа ештеңе әкелмесе, қандай медиация туралы айтуға болады», - деді Қарағанды адвокаттар алқасының адвокаты Бағдат Хасенов.
Жәбірленуші тарап бапты бұзақылықтан орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіру ретінде қайта қарауды талап етеді немесе сотталушыны осы екі баппен айыптауды сұрайды.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді