Қарағандыда сауда орталығы екінші рет "миналанды"
Қарағандыда «City Mall» сауда ойын-сауық орталығы тағы да "миналанды". Қойылған жарылғыш зат туралы жалған ақпарат соңғы рет 31 қазанда түскен. Қазір полиция тағы бір әзілкешті іздеп жатыр.
Сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама полиция бөліміне 19 қараша күні сағат 19:49-да түскен. Полиция қызметкерлері ғимаратты тексеріп, бомба таппаған.
Полицейлер хабарлама авторын қомақты айыппұл немесе түрмеге қамау түріндегі жаза күтіп тұрғанын еске салды.
«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, хабарлама авторын анықтау шаралары жүргізілуде.
Қазақстанда терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны үшiн бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (бүгiнде – 17 миллион теңгеден астам) айыппұл салу немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қарастырылған. » деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық