Қарағандыда оқушылар қыздар үшін жаппай төбелесті
Фото: Видеодан кадр
Қарағандыда оқушылар қыздар үшін төделесіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың екі оқушысы сыныптас қыздың суретін танысу сайтына орналастырып, оның толық жеке деректерін және телефон нөмірін жариялап жіберген. Қыз бұл туралы жоғарғы сынып оқушыларына шағымданған. 10-сынып оқушылары қызға араша түскен.
Кейін олар 14 және 15 ақпанда 9-сынып оқушыларымен кездесіп, арасында жанжал туындаған. Төбелесте 9-сыныптың екі оқушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мектеп оқушылары арасындағы жанжалдың болғанын растады.
«Төбелес Потанин атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып және 9-сынып оқушылары арасында болған. 9-сынып оқушылары жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 17 ақпанда мектепте осы жанжалға қатысушылармен әңгіме жүргізілді. Кеңес шешімі бойынша 10-сынып оқушылары ішкі мектептік бақылауға алынды. Мектеп әкімшілігі оқушылар арасында осындай жанжалдардың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдады», деді баспасөз қызметі.
Ал өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Полиция екі кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Тергеу барысында оқиғаға қатысушылар анықталды. Олар – 15 және 16 жастағы үш жасөспірім», деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта құқық бұзушылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға шақырылып, полиция есебіне алынды.
«Жәбірленушілерге қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу аяқталғаннан кейін күдіктілердің ата-аналарына қатысты шаралар қабылданады. Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы бұл істі ерекше бақылауда ұстап отыр. Мұндай оқиғаларға тек заң аясында ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту және болашақта құқықбұзушылықтардың алдын алу тұрғысынан да қарау маңызды», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Жаңалықтар
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен жанжалдың неден болғанын мәлімдеді
- 2026 жылғы конституциялық реформа: Президент қайтыс болса немесе отставкаға кетсе билік әрі қарай не істейді?
- «OrdaMed» АҚ басшылығы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді
- Семейде ер адам полицейлердің көліктерін өртеп жіберді
- Ақтөбе – Орынбор тас жолында болған жол апаты төрт адамның өмірін жалмады
- Сағи Әшімовтің жұбайы дүниеден озды
- Алматы облысында Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталық ашылады
- Шарын шатқалында жез киік үйірімен жүйіткіп жүр
- Мектептерде жасанды зердені қолдану оқыту әдістері енгізілуде
- КҚК инфрақұрылымына шабуылдан кейін ЖАҚ-3 жөндеу жұмыстары аяқталды
- Қаржы министрлігі: Алматыдағы ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн теңге
- Болгарияда алғаш рет әйел адам президент атанды
- ҚР ДСМ ауруханалар мен емханаларды жаппай тексереді
- ШҚО-да тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты
- Трамп Венесуэлаға АҚШ-тың «бағыттан адастырғыш» қару қолданғанын мойындады
- 41 күн интернетсіз қалған Жетісу тұрғындарының ақшасы қайтарылады
- Ақтауда «полицей болып» ойнап, көлік тексергендердің ісі сотқа берілді
- Шымкенттегі жолға таласып, кісі өлтіргендерге қатысты тағы үш күдікті ұсталды
- Ержан Бабақұмаровтың қазасы: Астанада қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді
- Еңбек шартын дұрыс жасамаған жұмыс берушілерге айыппұл салынады