Қарағандыда департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com
Қарағанды облысында департамент басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Антикор Қарағанды облыстық департаменттерінің бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Басшының қызметкері де күдікке ілінді.
Ресми мәліметтерге қарасақ, департамент басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
«Сонымен қатар айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы 2,5 млн теңге жалақы, сыйақы және іссапар шығыстарын негізсіз аудару арқылы адамдар тобында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда», деп хабарлады Антикор.
Айта кетейік, антикор өңірлік жоғары лауазымды шенеуніктің атын атамады. Алайда ҚазТАГ редакциясының мәліметінше, 2024 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментін басқаратын Хамзин қылмыстық істің басты фигуранты екені анықталды. Ал қылмыстық істің екінші фигуранты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы екен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нығматуллиннің ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық