Қарағандыда бір полицей көз жұмған соң бірнеше әріптесі қызметінен босатылды
Фото: instagram.com/policeofkaraganda
Қарағандыда жаттығу кезінде бір полицей көз жұмды. Оқ атып, әріптесін мерт қылған және жаттығуды ұйымдастыру мен қауіпсіздік талаптарының орындалуына жауапты болған қызметкерлер шендерінен айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгілі болғандай, оқиғадан кейін қызметтік тергеу басталған. Тергеу нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің екі қызметкері жұмыстан шығарылды. Оның бірі — оқ атқан полицей. Екіншісі — оқу-жаттығуды ұйымдастыру мен қауіпсіздік талаптарының орындалуына жауапты тұлға.
Қайғылы жағдай 14 наурызда Қарағандыдағы оқу-жаттығу полигонында болған. Оқ тиген 36 жастағы Алдан Алиев – «Арлан» арнайы бөлімшесінің оқу-жаттығу взводының аға инспекторы. Оқиға орнында көз жұмған.
Сондай-ақ оқу-жаттығу взводының бастығы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды. Тағы бірнеше лауазымды тұлғаға сөгіс беріліп, «қызметіне толық сәйкес емес» деген баға берілген.
«Патриот» басылымының жазуынша, жаттығу өткен полигон азаматтық нысанға жатады. Яғни, кез келген адам барып атыс үйрене алады. Ал полицейлердің мұнда жаттығуының себебі — Абай ауданының Қарабас кентіндегі арнайы ату полигонына бару қиын болған.
Полицейдің қазасынан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы, 2-бөлігі бойынша («Қызметке немқұрайлы қарау, адам өліміне әкеп соққан салдар») қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жалғасып жатыр, іс әзірге сотқа жеткен жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық