Қарағандыда ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді
Фото: Envato
Қарағанды облысының полициясы Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының өтініші бойынша резонанс тудырған қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, Шет ауданының ауылдық округтерінің бірінің әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді. Жәбірленушінің өтінішіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
«Арыз түскен күні күдікті ұсталып, қамалды. Сот санкциясымен оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады полиция.
Қадағалау органы апелляциялық өтініш берген. Нәтижесінде ер адам қайта қамауға алынды.
Айта кетейік, өткен аптада Көкшетауда 14 жастағы қызды зорлаған ер адам ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық