Қарағандыда әйел автобус аялдамасында босанды
Фото: Yandex.kz
Қарағандыда әйел адам автобус аялдамасында босанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, толғақ кенеттен басталған. Жүкті әйелдің суы кетіп, жатыр мойны тез ашылғандықтан, ол перзентханаға дейін жете алмаған.
Жедел жәрдем жылдам жеткен. Медициналық қызметкерлер босанған әйел мен сәбиді дереу облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.
«Көрсетілген медициналық көмек нәтижесінде босанған әйел мен жаңа туған сәби Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының перинаталдық орталығына жеткізілді. Анасының жағдайы тұрақты. Сәби қазіргі таңда реанимация бөлімінде жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Жүктіліктің 34-аптасында дүниеге келген баланың жағдайы ауыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 15 жастағы мектеп оқушысы 23 жастағы әскери қызметкерден жүкті болып, босанғаны хабарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық