Қарағанды облысының Шет ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото: Қарғанды обласының әкімдігі
Қарағанды облысының Шет ауданында су тасқынына байланысты жергілікті табиғи төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал ауылдарында 40 үйді су басып, 292 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Әкімдік олардың үйлеріне оралу мәселесі «қауіп-қатер мен су деңгейінің төмендеуіне байланысты» қарастырылатынына сендірді.
Сонымен бірге, Самарқанд, Интумақ, Шерубай-Нұра су қоймаларынан ағызылатын сулардың көбеюіне байланысты Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде шахталарды нығайту және қап контейнерлерін төсеу шаралары жүргізілуде. Ал Нұра ауданы Нұра ауылында Құндызды өзенінің үш учаскесінде мұз кептелістерін болдырмау мақсатында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Осындай жұмыстар Осакаров ауданы, Николаевка ауылындағы Сабырқожа өзенінде де жүргізілмек.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жол жамылғысы эрозиясына және еріген судың жол жиегінен асып кетуіне байланысты республикалық маңызы бар екі учаске және облыстық маңызы бар жолдардың екі учаскесі, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың бір учаскесі жабық күйінде қалып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық