Қарағанды облысында зейнеткердің 11 миллион теңгеден астам ақшасын ұрлап кетті
Теміртау қаласының екі тұрғыны 77 жастағы зейнеткердің 11 миллион теңгесін ұрлап кеткен.
62 және 70 жастағы екі әйел 77 жастағы зейнеткерге көмектесіп пәтерін тазалап, оған тамақ әзірлеп, азық-түлік сатып алатын. Көбінесе ер адам оларға керекті заттар үшін өзінің банк картасын беретін.
Бір кезде зейнеткердің шотынан 11 миллион теңгесі жоғалып, полицияға хабарласқан.
Тәртіп сақшылары ұрлықты жәбірленуші жақсы білетін адам жасаған болуы мүмкін деген болжам жасады. Күдіктілердің арасында екі егде әйел болды.
Олар қамауға алынды. Әйелдер қылмысты мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- Алматыда жастар пышақтасып, екі жасөспірім қаза тапты
- Астанада жаңа AI Research University ашылады: Болашақта ЖИ үлесі арта түседі
- Көкшетауда мотоцикл мінген адамнан 5 келіден астам марихуана табылды
- Президент өзіне сыйға тартылған сәйгүліктерді тамашалап, жем берді
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады