Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды
Коллаж: Қарағанды облысы әкімдігі
Қарағанды облысы Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәліметтерге сүйенсек, ауданды электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған «Шет-Энерго» компаниясы «Жезқазған электр тарату желісі» компаниясының электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамаған көрінеді. Нәтижесінде ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылған. «Шет-Энерго» көп жыл бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салмағаны айтылды. Бұл энергиямен жабдықтауда жүйелі мәселелер туындатқан.
Тұрғындар жарықтың жиі өшірілуінен зардап шегеді. Жылусыз да қалады екен. Тұрақты ескертулерге қарамастан «Шет-Энерго» қызметінің сапасы жақсармаған. Әкімдік жағдайды қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін жариялады.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл қадам энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуға, сапалы қызметті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық