Қарағанды облысында төрт бала өрттен қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті төрт бала қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«23 ақпанда Қарқаралы ауданы Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе және есік блоктары өртенді. Өрт салдарынан 2021 ж.т., 2022 ж.т 2019 ж.т және 2020 жылы туылған төрт бала қайтыс болды» деп хабарлады ТЖД.
Өрт кезінде үлкені бес жасқа да толмаған балалардың үйде жалғыз болғаны туралы ақпаратты департамент те растады.
Жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар зардап шеккен отбасына қажетті көмек көрсетуде.
«Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда» деп толықтырды ведомство.
Патриот жазғандай, полиция қайтыс болған балалардың ата-аналарынан жауап алуды көздеп отыр. Басылымның хабарлауынша, тәртіп сақшылары ата-ананың сол күні кешке қайда кеткенін, балалардың бұған дейін қаншалықты жиі жалғыз қалғанын және пештің қаншалықты дұрыс болғанын анықтайтын болады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалардың анасы мектепте мұғалім, ал әкесі құрылыста жұмыс істейтінін, бірақ қыста үй шаруасымен айналысатынын айтты.
Бұған дейін Orda.kz Қарағанды облысындағы ауылдың бірінде жеке тұрғын үйде өрт шығып, балалар қаза тапқанын жазған болатын. Жергілікті БАҚ өртке пеш себеп болуы мүмкін деп хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық