Қарағанды облысында белгісіз дерттен жылқылар жаппай қырылып жатыр
Фото: pixabay.com
Мамандар әзірше малдың қандай ауруға шалдыққанын білмей отыр, деп хабарлайды Orda.kz «Патриот»-қа сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданының Төрткөл ауылында жылқылар жаппай қырылып жатыр. Ал тұрғындар дабыл қағып, биліктен шұғыл шара қолдануды талап етіп отыр.
Олардың айтуынша, мал аяғынан басталып, бүкіл денеге таралатын іріңді жарадан ауырып өліп жатыр.
Фото: «Патриот»
Ветеринарлар жылқылардан сараптама алып, белгісіз жұқпалы дертке шалдыққанын анықтаған.
«Олар лимфангит нұсқасын жоққа шығарды. Біз бұл лимфангит деп ойлаймыз. Өйткені былтырдан бері бұл ауыр созылмалы дерт көршілес Үміткер ауылында «қыдырып» жүр. Ортақ жайылымымыз бар. Үміткерде ауру расталып, ауыл тұрғындарына өтемақы төленді. Шенеуніктер қырылған мал үшін жай ғана ақша төлегісі келмей отыр деп ойлаймыз», - дейді шаруа қожалығының жетекшісі Мәдениет Жұмаділда.
Аудандық ветеринарлық станса жағдайдан хабардар екенін айтты. Дегенмен, талдау нәтижелері лимфангит ауруын растамады. Сараптамаларды енді ғылыми-зерттеу институтының мамандары зерттейді. Шенеуніктердің айтуынша, ветеринарлар қорытындысы шыққаннан кейін ғана шара қолданылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық