Қарағанды әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін жазаланды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов пен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне қатысты тәртіптік істер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясында қаралды, - деп хабарлайды Orda.kz.
Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды қаласы әкімінің берген мәлімдемесіне қатысты іс материалдарын қарады. Бұған дейін Мейрам Қожықовтың желі қолданушысына арнаған «ақылды болма» деген сөзі әлеуметтік желілерде сынға себеп болған еді.
«Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды, анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды», - делінген хабарламада. Бұл туралы АДГС баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында Чецкая көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлаған болатын. Содан кейін басылымның астына қолданушылар ризашылықпен пікірлер қалдырғанымен, сын айтқан оқырмандарына Мейрам Қожықов «ақылды болма» деп жауап берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық