Қара «Герань»: Ресейдің дроны Қазақстанға қалай тап болды?
Фото: Уральская неделя
18 наурыз күні Батыс Қазақстан облысына әскери дрон құлады. Алдымен дронды жергілікті тұрғындар тапты және оны ұшқышсыз ұшық аппараты деп ойлаған. Бірақ қазір оның ресейлік «Герань» дроны екені анықталды. Қазақстанға ресейлік дрон қайдан келген? Orda.kz зерттеді.
Полиция департаментінің жауабы
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті дронға қатысты былай деп мәлімдеді:
«Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп Тасқала ауданында пилотсыз ұшу аппаратына ұқсас заттың құлағаны бойынша тексеру іс-шараларын жүргізеді. Нысан шалғай жерде, елді мекендерден алыс жерге құлады және ешқандай зақымдалмаған тұтас күйінде табылды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталады».
Дронның түрі қандай?
Сыртқы келбетіне қарасақ, құлаған нысан ирандық «Шахед-136» дронының ресейлік нұсқасы – «Герань-2»-ге ұқсас. Бірақ бұл тек болжам емес – дрондағы «Герань» деген жазу мен 18358 нөмірі анық көрінеді. «ҚазАқпарат» басылымы оқиға орнынан түсірілген фото мен видеоларды жариялады.

Бұның «Герань-2» модификациясы екені көлемінен де байқалады. Видеонытүсіріп тұрған оператор «Үш метр» деп бірнеше рет қайталайды. Бұл ресейлік Life.ru басылымында көрсетілген 3х2 метрлік «Герань-2»-мен сәйкес келеді. Сонымен қатар дрон көзге түспеу үшін қара түске боялған. Бұған дейін жүздеген «Герандардың» суреттерін «Российская газета» жариялаған болатын.
Дрон Қазақстанға қалай келді?
«Шахед» камикадзе-дрондары – Ресейдің Украинаға қарсы соққыларында қолданатын негізгі қарулардың бірі. Сонымен қатар, «Герань-2» (яғни Шахед-136) шамамен 50 келілік жарылғыш заттар тасымалдайды. Украинадағы көпқабатты үйлердің қирауына және басқа да бүлінулерге осы дрондардың тікелей қатысы бар.
Бірақ ресейлік дрон Қазақстанға қалай жетті? Әскери сарапшы Дәулет Жұмабеков бұл жағдайды кездейсоқтық деп санайды:
«Әрине, бұл кездейсоқтық. Соғысып жатқан тараптардың ешқайсысы Қазақстанға дрон ұшыруды жоспарламайды. Бұл жерде ешқандай мағына жоқ», - дейді Жұмабеков.
Сарапшының айтуынша, «Шахедтердің» ресейлік нұсқаларында арзан GPS-навигация жүйесі қолданылады.
«Беларуссиядан ұшқан дрондардың саны тым көп. Олардың барлығы Украинаға бағытталған. Ал Украина ұшып келе жатқан дронды қағып түсіру үшін, оларға арнайы GPS орнатып қойған. Сондай бір жағдай орын алып, салдарынан бір дрон Қазақстанға келіп құлауы мүмкін», - деді Дәулет Жұмабеков.
Бұл – биыл Қазақстанға құлаған екінші әскери дрон. Бұған дейін, 19 ақпанда, ҚР шекарасын барлау дроны кесіп өткен болатын. Оның нақты кімге тиесілі екені әлі белгісіз. Сыртқы келбетіне қарағанда, ол француздық «Crecerelle» дронына ұқсайды, ал оны Украина қолданады. Алайда, украиндық сарапшылар оның ресейлік «Орлан-10» болуы мүмкін екенін айтты.
Қазақстанның әуе қорғанысы қандай шаралар қабылдауы керек?
Бұл жағдайда екі сұрақ туындайды:
Қазақстанның әуе қорғанысы дрондарды атып түсіре алды ма? Шекаралық бақылау жүйесі дронның өтіп кетуіне жол берді ме?
Сарапшы Дәулет Жұмабеков Қазақстанның әскери дрондарды ұшыру немесе оларды қондыру мүмкіндігі шектеулі екенін айтады. «Шахедтер» өте үлкен қашықтыққа ұша алады – шамамен 1000 шақырым. Ал бұл дрон Ресей Федерациясының Саратов облысына жақын маңда құлаған.

Қазақстан шекарасындағы Әуе қорғанысы туралы сарапшы былай дейді:
«Қазақстанда барлық әуе қорғанысы оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай орналастырылған. Бізде Ресеймен біріктірілген әуе қорғаныс жүйесі бар. Осы келісім бойынша біз оңтүстікті жабамыз, ал Ресей Федерациясы тарапынан олар бізге қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек».
Жаңалықтар
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті