«Капитан орыс тілді»: Қазақ тілін елемеген FlyArystan сынға қалды
Фото: FlyArystan
Ақтау–Астана бағытымен ұшқан рейсте ұшақ капитаны жолаушыларға тек орыс және ағылшын тілдерінде ғана сөйлеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Threads желісінде beimalim атты қолданушы жазды. Оның айтуынша, ол қазақ тіліндегі хабарландыруды сұрағанда, жолсерік оған «не вам решать» деп жауап берген.
«Сапар барысында тағы сұрадым: капитан неге қазақша сөйлемейді? Әлия Әділбекқызы есімді жолсерік «капитан орыс тілінде сөйлейді, сондықтан екі тілде ғана хабарлайды» деді. Мен тұтынушы құқығын бұзып тұрғанын айтқанда, ол «это не вам решать» деп жауап берді» деп жазды қолданушы өз парақшасында.

FlyArystan бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, капитанның хабарландыруы үш тілде болғанын айтты.
«FS7376 Ақтау–Астана рейсінде қазақ тіліндегі ақпарат аға бортсерік тарапынан берілді. Жолаушы ұшқыштың жеке өзі қазақ тілінде хабарлағанын талап еткен. Рейс барысында барлық хабарландырулар мемлекеттік тілде орындалды», деп мәлімдеді компания.
FlyArystan мұндай тәртіп Қазақстан заңнамасына және халықаралық азаматтық авиация тәжірибесіне сай екенін хабарлады.Бұған ұқсас жағдайды басқа Threads қолданушысы да жазған. Оның айтуынша, Қостанай–Астана рейсінде ұшқыш тек орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеген.
«Қостанай–Астана рейсімен ұшып келдім. Борт капитаны Степан Подкрытов амандасу мен қоштасуды қазақша айтқан жоқ. «Неге қазақша хабарландыру жоқ?» деп сұрағанда, жолсерік «авиакомпанияда ондай талап жоқ» деп жауап берді» деп жазды ол.

Еске салайық, 27 қазанда Алматыда Бостандық ауданы тұрғындары жаңа №224 мектептің қазақ тілінде білім беруін талап етіп, әкімдікте жиналды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық