Қаңыраған үй үшін 150 млн: Тополевкадағы тастанды коттеджді кім және не үшін сатып алды?
Фото: Orda.kz
Жетісу облысы, Сарқан ауданында Тополевка деген ауыл бар. Қарапайым, жетуі қиын елді мекен. Бірақ ол Сиверс алмасымен танымал: көктем сайын мұнда алманың барлық заманауи сорттарының атасы гүлдейді. Осы ерекшелікті пайдаланып, аудан әкімдігі туристік орталық ашпақ болған.
Orda.kz тілшісі Сандуғаш Дүйсеноваға ауылдағы жағдайды сипаттайтын хат келіп түсті.
Жұмбақ үй
Сәуірдің басында тілшімізге Тополевкадағы үлкен коттедждің суреті келді. Хатты кім жібергені белгісіз. Онда: «Бұл үйді облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қажеттіліктері үшін 150 миллион теңгеге сатып алған» деп жазылған.
Бастапқыда бұл хабар сенімсіз көрінді. Бірақ 150 миллион теңге — жай саяжай емес, бүтін бір ауылдың бюджеті. Ол жолға, мектепке, медицинаға, суға жетеді. Сондықтан тілші оқиға орнына барып, көз жеткізуді ұйғарды.
«Тополевкаға дейінгі жолды білемін: Сарқаннан кейін 30 шақырым жер – асфальтсыз. Кейбір тұстарда адам аяғы баспаған жермен жүргендей болдық. Біз мұнда жыл сайын Сиверс алмасының гүлденуін көруге келеміз. Жоңғар Алатауының етегі ақшыл-қызғылт түске боялады, бұл көрініс таңғалдырады», – дейді тілші.

Коттеджді ауыл шетінен таптық. Үлкен, кірпішпен қапталған, бірақ бос үй.


Баспалдақтары сынып қалған, іргетасы жарылып, есіктер қисайған. Қоршауы жоқ. Үй қараусыз қалған.










Тұрғындардың сөзінше, бұл жерді бұрын кәсіпкер иеленіп, аңшылық шаруашылығын ашқысы келген. Кейін белгісіз себеппен кетіп қалған. Олар учаске мен үй 120 млн теңгеге сатылғанын айтады. Ал аудан әкімдігі оны туристік орталық етпек болған.
Туризм бе, тас үй ме?
Алайда сапар орталығына ұқсайтын ешнәрсе көрмедік. Жол жоқ, байланыс жоқ, бағдар көрсететін белгілер жоқ.
«Мен Жетісу облысының әкімдігіне сұрау жіберген болатынмын. Жауабын шамамен 1 ай күттік. Ережелерден, нормативтерден, бюджеттік баптардан алынған көптеген дәйексөздері бар көлемді, пафос. Негізінде ештеңе жоқ».



Ең қызығы, осы жауаптың ішінде әкімдік бұл нысанды сатып алмағаны анық байқалады.
«Сарқан ауданы әкімдігінен “Жетісу” Туристік ақпараттық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тополевка ауылында орналасқан визит-орталық нысанын өтеусіз беру рәсімдері жүргізіліп жатыр» деп жазылған ресми жауапта.
Өтеусіз бе? Яғни, құны 120 немесе 150 миллион теңге тұратын үй ешқандай төлемсіз берілді ме? Қалайша? Неліктен? Кім берді? Құжаттар қайда? Бағалау қорытыныдысы қайда?
«Бізге: “Бұл – туризмді дамыту үшін” дейді. Мен жыл сайын Тополевкаға Сиверс алмасының гүлдеуін көруге келетін адам ретінде анық айта аламын: туризм – бұл бос тұрған коттедж емес. Туризм дегеніміз – жол, дәретхана, гид, тұрақты байланыс пен инфрақұрылым. Ал мұнда олардың ешқайсысы жоқ», – дейді тілшіміз.
Ақша қайда кетіп жатыр?
Облыстық кәсіпкерлік басқармасы осы бір нысанның визит-орталық ретінде беріліп жатқанын растады. Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімдігінің сайтында сәуір айында жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 200 миллион теңге бөлінгені жазылған.
2024 жылдың қаңтар айында бұл жерде бұрынғы мектеп ғимаратын қайта жаңарту ұсынылған. Жалпы ауданы — 659 шаршы метр, жер телімі — 1,4 гектар.
Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың айтуынша, 1960-жылдары салынған мектеп ғимаратын қайта жаңарту немесе жаңасын салу жоспарда бар.
Бұл қандай нысандар және қанша ақшаға?
Жетісу облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ресми жауабында бұл нысан әкімдік балансына визит-орталық ретінде өтеусіз берілетіні расталған. Сонымен қатар, сәуір айының ортасында облыс әкімдігінің сайтында Сарқан ауданының Тополевка ауылында туристік орталық ашу үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге бөлінгені жарияланды. Яғни, бастапқыда айтылған 120 да емес, 150 де емес – 200 миллион теңге.

2024 жылдың қаңтар айында (сол кезде Тополевкада визит-орталық ашу туралы алғашқы әңгімелер басталған) бұл мақсатқа бұрынғы мектеп ғимараттары мен жалпы ауданы 659 шаршы метр болатын нысандар пайдаланылатыны айтылған болатын.
Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың айтуынша, сапар орталығын ашу үшін 1960-жылдары салынған мектеп ғимаратын қайта жаңарту немесе сол аумақта жаңа нысан салу ұсынылған. Жалпы ауданы 659 шаршы метр болатын екі ғимарат бар, ал жер телімінің көлемі – 1,4 гектар.
Қысқасы, Тополевкада нақты не салынатыны туралы бірнеше нұсқа айтылып жүр. Алайда ең маңызды сұрақ әлі күнге дейін жауапсыз: не үшін? Бұл жерде жол да, инфрақұрылым да жоқ. Туристерді қызықтыратын жалғыз ғана фактор – Сиверс алмасының көктемде гүлдеуі. Бірақ алма ағашы жыл он екі ай гүлдемейді ғой.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды
- «Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
- Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен кетті
- СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
- Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: цунами қаупі төнді
- Kundelik жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке деректері желіге тарап кетті
- Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды
- Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
- Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
- СҚО-да шенеунік пара алып, қызметін ақша көзіне айналдырғаны үшін сотталды
- Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды
- Тоқаев ҰҚК-ға жаңа өкілеттік берді
- Эскорт, жезөкшелер үйі және бала саудасы: ІІМ адам саудасының заңсыз нарығын әшкереледі
- OpenAI ЖИ-ді жаңартты: Енді GPT‑5.2 нұсқасы жауап бергенде жаңылмайды
- Әлем чемпионатының кубогы Алматыға келеді
- Алматыда уланған адамдардың жағдайы белгілі болды
- Темірлан Анарбеков Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы атанды
- Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
- Қазақстандық азамат Германиядағы банк шоттарын бұзды деген күдікпен ұсталды
- Алматыда 52 адам табиғи газдан уланып қалды