«Қантөгіс болмасын»: Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әкесі халықты сабырға шақырды
Фото: Бейнеден кадр
16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасап, арандатушылыққа берілмей, сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Талғарда болған өрт оқиғасы елді дүр сілкіндірген еді. Нұрымов бұл мәселені заң аясында шешетінін айтып, елді сабырға шақырды.
«Жігіттер, мен өзім үшін қорықпаймын. Қай жерде де, кім келіп жатса да өзім сөйлесе аламын. Сол үшін тыныш елді дүрліктіріп біреудің обалына қалмайық. Жоғарыдағыларға да айтатыным осы. Қантөгіс болғанын қаламаймын. Құзырлы органдар заң аясында шешеді деп үміттенемін. Қай кезде болса да әділетті Қазақстан болатынына сенемін», — деді марқұмның әкесі.
Бұл уақытта Қазақстанның Бас Прокуроры оқиғаны тергеу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құруға тапсырма берді. Алматы облысының әкімдігі Нұрымовтар отбасының өртенген үйін қалпына келтіру және уақытша баспана беру міндетін өз мойнына алды. Қазір олардың отбасын тәулік бойы күзетіп жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін түнде өрт шығып, 16 жастағы Шерзаттың отбасының үйі толығымен жанып кетті.
Сондай-ақ Нұрымов халықтан ақша жинағысы келмейтінін айтты.
Марқұмның әпкесі kazakh times youtube арнасына берген сұхбатында:
«Сол маңдағы тұрғындардың бейнекамерасы болмағанда оқиғаны дәлелдей алмайтын едік. Жедел жәрдем мен полиция уағында келгенде інім тірі қалар ма еді?», — деді Перизат Нұрымов.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Талғар ауданында болған қайғылы оқиғаға қатысты instagram парақшасында жазба қалдырды. Онда ол құзырлы органдарда реформа жасау үшін бірігу керегін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық