Қаңтардағы азаптау ісі: Сот ғимараты алдында полицейлер жиналды
Фото: Orda.kz
Қаңтар оқиғасы кезінде 98 азаматты азаптаған 6 полиция қызметкерлері сот шешімі шықпай жатып олардың әріптестері сот ғимаратынның алдында жиналды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратының алдында 50-ге жуық құқық қорғаушы жиналды. Олар Қошмамбет ауылындағы қаңтар оқиғасы кезінде азаптауға қатысы бар деп айыпталған әріптестерін қолдауға шыққан. Бүгін сот олардың ісі бойынша шешім шығаруға тиіс.
Құқық қорғаушылар арасында жұмыс істеп жүрген полицейлер мен зейнеткерлер де бар. Олардың айтуынша, бұл акцияға ешқандай жалпы бұйрық бойынша жиналмаған, адамдар өз еріктерімен, әріптестеріне қолдау көрсету үшін келген.
«Бұл митинг емес. Біз ешкімді митингке шақырған жоқпыз. Достарымызды қолдауға келдік. Сот әділ шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Олардың адамдарды азаптағанына сенбеймін, біздің әріптестер мен достарымыз өз міндеттерін ғана атқарған», - деді аты-жөнін атамауды сұраған қатысушылардың бірі.
Еске салар болсақ, Қошмамабет ауылында 2022 жылдың 7 қаңтарында ҰҚК шекара қызметінің басшылығы Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдарды іздеу операциясын ұйымдастырды. Сол күні әскерилер Алматы-Бішкек тас жолында бақылау-өткізу бекетін орнатып, 99 адамды: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарын ұстады. Олардың арасында Викрам Рузухунов та бар.
Алты айыпталушы бар: Қарасай полиция бөлімінің бұрынғы бес қызметкері - Серік Тұрпанбаев (басшының бұрынғы орынбасары), Нұрсұлтан Хамитов, Бауыржан Сопақов, Арлан Шойбеков, Олжас Айдарханов және Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков.
Айыпталушының кенжесі Олжас Айдарханов құқық қорғау органдарында жұмысын жалғастыруда: ол ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментіндегі арнайы топтың мүшесі.
Оларға қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау (ҚР ҚК 146-бабы) және билік пен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚР ҚК 362-бабы) бойынша айып тағылуда.
17-ші қаңтар күні сағат 16:30 да сот шешім шығаруы керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық