Қаңтарда резиденцияға шабуыл жасады деп айыпталғандардың бірі бостандыққа шықты
Коллаж Orda.kz
2022 жылдың қаңтарындағы Президент резиденциясына шабуыл жасау ісі бойынша сотталған Қосай Маханбаев 16 қазанда бостандыққа шықты. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне оның адвокаты Төлеген Берліқожа мәлімдеді.
Orda.kz бұған дейін осы іске қатыстыларға шыққан үкімді жазған болатын.
Сотталушылар қатарында 11 адам бар. Сот бір адамның жазасын ауырлатып, екеуінің үкімін өзгертпеді. Басқаларын 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарған еді. Солардың бірі - Қосай Маханбаевтың бостандыққа шыққаны белгілі болды.
Түрмедегі бір күні екі күн ретінде есептелді, содан кейін Маханбаев үйқамақта болды. Бірінші инстанция соты Маханбаевты бір жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырды, ал екінші инстанция соты бұл мерзімді бір айға қысқартып, бір жыл сегіз айға төмендетті.
«Маханбаев қазір үйінде, отбасымен бірге. Қалғандары да шығуы керек болған. Қазір басқа жақта қарбалас жүрмін. Хабарласуға мүмкіндігім болмай жатыр», — деді Төлеген Берліқожа.
Маханбаев 2022 жылғы «Қанды қаңтар» оқиғасы кезінде ұсталып, жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген еді. Кейінірек оны ауруханадан құзырлы орган қызметкерлері алып кетіп. Алматыдағы тергеу изоляторына қамады. Ол құзырлы органдар тарапынан азаптауға ұшырағанын мәлімдеді. Бірақ 2022 жылдың қазан айында Алматы прокуратурасы дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты азаптау ісін жапты.
Маханбаев әкімдік пен президент резиденциясына шабуыл ісі бойынша сотталған 11 адамның ішінде Маханбаев та кетті. Бірақ сотта кінәсін мойындамады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық