«Қаңтар оқиғасындағы азаптау»: Полиция қызметкері сотталды
Фото: Orda.kz
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды ұрып-соққан полицейге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.
Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында полиция қызметкерінің ұсталған азаматтарды азаптағанын дәлелдеді.
«Кінәні мойындау туралы процестік келісімді ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды» делінген сот шешімінде.
Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде Қаскелең қаласына жақын маңдағы Қошмамбет ауылында жаппай ұрып-соғуға қатысқан полицейлердің соты болып жатқанын хабарлаған едік.
Әскерилер Алматы-Бішкек тас жолында бақылау-өткізу бекетін орнатып, 99 адамды: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарын ұстаған. Арнайы ұстау изоляторында ұсталғандарды әскерилер мен тәртіп сақшылары ұрып-соққан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық