Қаңтар оқиғасына байланысты сот қайта жанданды
Фото: Ашық дереккөзден
Бүгін, 12 сәуірде Алматыда президент резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты сот қайта жанданды, деп хабарлайды Orda.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасай отырып.
Сот кезінде прокурор айыпталушыларға төмендегідей жаза сұрады:
1. Серік Кекілбаев Матайұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне күш қолдану» бойынша айып тағылған - 11 жыл түрме жазасы;
2. Тұрсынбай Алпысбаев Бауыржанұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне күш қолдану» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
3. Ақжол Жандарбеков Смайылұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне күш қолдану», «адамды кепілге алу» бойынша айып тағылған - 12 жыл түрме жазасы;
4. Нұртас Каранеев Сейітмұхаметұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
5. Рысбек Мамыров Жүнісбекұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
6. Қосай Маханбаев Кәрімгалиұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
7. Әбидолла Таубай, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
8. Арман Әлімбеков Әшірәліұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
9. Нұрсұлтан Байкісиев Сұбханұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
10. Дәурен Бакиев Маратұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
11. Серікбол Орынғазы Орынбайұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;
Прокурордың сөзінше, 11 адамның 9-ы тағылған айыпты ішінара мойындаған. Қалған екеуі — Нұртас Қаранеев пен Серік Кекілбаев айыпты мойындамаған.
Айыпталушылардың бірі Ақжол Жандарбеков тергеу изоляторында қамауда отыр. Қосай Маханбаев үйқамақта. Қалған 9 адам бостандықта.
«Президент резиденциясына шабуыл жасады» деп айыпталғандар ішінде белсенді Қосай Маханбаев бар. Маханбаев – Қаңтар оқиғасында ұсталып, Алматыдағы тергеу изоляторында азапталғандардың бірі. Оны Алматыдағы дүрбелең кезінде оқ тиіп, ауруханада жатқан жерінен полиция алып кеткен. 2022 жылы қазан айында Алматы прокуратурасы Қосай Маханбаевтың азаптау ісі бойынша полиция қызметкерлері үстінен түсірген шағымын жапқаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық