«Қаңтар оқиғасы»: Сот Алматы әкімдігін басып алу ісін қайта қарап жатыр
Коллаж Orda.kz
Бүгін Алматы қалалық сотында президент резиденциясына шабуыл жасап, әкімдікті басып алуға талпынған оқиғаға байланысты іс бойынша апелляциялық отырыс өтті. Сотталушылар қатарында 11 адам бар. Айыпталушылардың кейбірі өз кінәларын ішінара мойындаса, ал басқалары мүлде келіспей, тергеудің әділ жүргізілмегенін айтты. Ал кейбіреулері тергеу изоляторында өздерін азаптағандарын мәлімдеді.
Orda.kz тілшісі бүгінгі апелляциялық сот отырысына қатысты.
Алқа шешімімен сот процесі онлайн форматта zoom-конференция арқылы өтті. Сотталушылар тыңдауды әдеттегідей сот залында өткізуді сұраған болатын. Қорғаушылардың бәрі өз қорғауындағы адамдардың өтінішін қолдады.
Кейбір адвокаттар байланыс сапасының нашарлығын және үзілістердің жиі болып жатқанын атап өтті.
Алайда сот алқасы «тараптарға жақсы естілетіндей бар жағдайды жасадық» деген уәжбен бұл өтінішті мақұлдамады.
Прокурор айыптау актісін оқып, сотталушыларға берілген жазаның қатаңдатылуын сұрады.
Ал сотталушылар керісінше өздерінің апелляциялық шағымдарында жазаны жеңілдетуді, бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды талап етті.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың маусымында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 11 сотталушыны кінәлі деп таныған болатын.
Ақжол Жандарбеков «жаппай тәртіпсіздікке қатысу», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне қарсы күш қолдану», «әскери қызметкерді кепілге алу» баптары бойынша айыпталған. Сот оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қалған 10 айыпталушыға (Арман Әлімбеков, Тұрсынбай Алпысбаев, Серік Кекілбаев, Нұртас Қаранеев, Рысбек Мамыров, Қосай Маханбаев, Абидолла Таубай, Нұрсұлтан Байғисиев, Дәурен Бақиев және Серікбол Орынғазы) сот та амнистия заңын қолданып, бір жыл тоғыз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оларға «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» және «алдын ала келісіммен ғимараттарға, құрылыстарға, байланыс құралдарына шабуыл немесе оларды басып алу» баптары бойынша айып тағылған болатын.
Сот бүгін қатысушылардың бәрін тыңдады. Істің нүктесі 2024 жылы 9 қазанда қойылады.
Көктемде, сәуір айында Наурызбай аудандық сотында 2022 жылдың қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктердің бір бөлігі ретінде президент резиденциясына шабуыл жасау ісі бойынша тараптардың пікірталастарын тыңдалған еді.
Сол кезде тоғыз айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындады, ал екеуі мүлдем келіспей, іс қағаздарының бұрмаланғанын және тергеудің объективті емес екенін мәлімдеді.
Назарларыңызға Kazakh times түсірген сол кездегі сот ісінің бейнежазбасын ұсынамыз.
Сотта тергеушілер іске тек айыптау тарабы өздеріне қажетті деректерді ғана тіркегені жайлы айтылды.
Orda.kz бұл істі өз назарында ұстайды.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады