Қаңтар оқиғасы: Прокурор Викрам Рузухуновты азаптағандарға 3 жыл сұрады
Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қаңтар оқиғасы кезінде 99 Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан азаматтарын азаптаған полиция қызметкерлеріне 26 желтоқсандағы кезекті сот отырысында прокурор Арыстан Әликенов сот алқасынан жаза сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, 2022 жылдың 7 қаңтарында ҰҚК шекара қызметінің басшылығы Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдарды іздеу операциясын ұйымдастырды. Сол күні әскерилер Алматы-Бішкек тас жолында бақылау-өткізу бекетін орнатып, 99 адамды: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарын ұстады. Олардың арасында Викрам Рузухунов та бар.
Барлығы Қошмамбет ауылындағы сол кезде пайдалануға берілмеген, ресми түрде жұмыс істемейтін арнайы әкімшілік құқық бұзғандарды ұстайтын абақтыға жеткізілді. Зардап шеккендердің айтуынша, ол жерде су да, жылу да болмаған.
Айыпталушылар:
- Тұрпанбаев Серік
- Хамитов Нұрсұлтан
- Шойбеков Арман
- Адильбеков Берік
- Айдарханов Олжас
Қылмыстық кодекстің 146 бабының 1 тармағы Азаптау ісі бойынша және 362 баптың 1 тармағы қызметін асыра пайдаланғаны бойынша істі болып жатыр.
Бүгінгі сот отырысында прокурор Арыстан Әликенов жаппай азаптау ісі бойынша жаңа ғана сотталған алты полиция қызметкерін шенінен айырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруды және сот залында қамауға алуды сұрады.
Жәбірленуші тараптың адвокат Жуаспаева Гүлнәр және тағы басқа да, адвокаттар Прокурор Әликенов ұсынған жазаға қарсылық білдіріп, азаптау ісіне 3 жыл аз деп шағымданды. Сонымен қатар, Викрам Рузухуновты адвокаты да 3 жыл бас бостандығынан айыру жеткіліксіз екенін айтты. Қырғызстан әншісінің қабырғасы сынып, сынған қабырғасы өкпесін тесіп кеткенін және еміне миллондаған қаражат кеткенін алға тартты адвокады.
«Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаға қарсы конвенция, соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе кез келген басқа қоғамдық төтенше жағдай болсын, ешқандай ерекше жағдайлар азаптауды ақтай алмайды (2-баптың 2-тармағы). Жоғары тұрған немесе мемлекеттік органның бұйрығы азаптауды ақтауға негіз бола алмайды (2-бап, 3-тармақ). Сол себепті прокурор Арыстан Әликеновтің ұсынған жазасына көңіліміз толмайды», - деді адвокат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық