«Қаңтар оқиғасы»: Алматы әкімдігін басып алу ісі бойынша азаматтар сотталды
Коллаж Orda.kz
Бүгін Алматы қалалық сотында президент резиденциясына шабуыл жасап, әкімдікті басып алуға талпынған оқиғаға байланысты іс бойынша апелляциялық отырыс өтті. Сотталушылар қатарында 11 адам бар. Сот бір адамның жазасын ауырлатып, екеуінің үкімін өзгертпеді. Басқаларын 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарды.
Бұған дейінгі сотқа қатысып жүрген Orda.kz тілшісі осы жолы үкімді тыңдады.
Негізінен айыпталушылардың кейбірі өз кінәларын ішінара мойындаса, ал басқалары мүлде келіспей, тергеудің әділ жүргізілмегенін айтқан болатын. Ал кейбіреулері тергеу изоляторында өздерін азаптағандарын мәлімдеген.
Сонымен 15 қазанда онлайн өткен апелляция соты Серік Кекілбаев пен Тұрсынбай Алпысбаевты – 1 жыл 9 айға, Ақжол Жандарбековті – 8 жылға, Қосай Маханбаев, Әбидолла Таубай, Нұртас Қаранеев, Рысбек Мамыров, Арман Әлімбаев, Нұрсұлтан Байкісиев, Дәурен Бакиевті 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға қаулы етті.
Сот алқасы сотталушылар мен адвокаттарының өтінішін қабылдамады, айыптаушы прокурордың өтінішін ішінара қанағаттандырды.
25 қыркүйектегі сот отырысында сотталушылардың адвокаттары бірінші сатыдағы Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырып, бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде босату жазасына ауыстыруды сұраған.
Ал прокурор бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, сотталушы Нұртас Қаранеев, Қосай Маханбаев, Рысбек Мамыров, Әбидолла Таубай, Арман Әлімбаев, Нұрсұлтан Байкісиев, Дәурен Бакиев, Серікбол Орынғазыны – 10 жылға, Серік Кекілбаев пен Тұрсынбай Алпысбаевты – 11 жылға, Ақжол Жандарбековті 12 жылға соттауды сұраған.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың маусымында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 11 сотталушыны кінәлі деп таныған болатын.
Ақжол Жандарбеков «жаппай тәртіпсіздікке қатысу», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне қарсы күш қолдану», «әскери қызметкерді кепілге алу» баптары бойынша айыпталған. Сот оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қалған 10 айыпталушыға (Арман Әлімбеков, Тұрсынбай Алпысбаев, Серік Кекілбаев, Нұртас Қаранеев, Рысбек Мамыров, Қосай Маханбаев, Абидолла Таубай, Нұрсұлтан Байғисиев, Дәурен Бақиев және Серікбол Орынғазы) сот та амнистия заңын қолданып, бір жыл тоғыз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оларға «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» және «алдын ала келісіммен ғимараттарға, құрылыстарға, байланыс құралдарына шабуыл немесе оларды басып алу» баптары бойынша айып тағылған болатын.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды