«Канело» көпшілік алдында Головкинді балағаттады
Бейнеден кадр
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Лос-Анджелестегі трилогия аясында өткен бірлескен баспасөз жиынында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді балағаттады.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жек алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті, деп жазады Sports.kz.
— Ол өзін жақсы жігіт ретінде көрсетуге тырысады, бірақ олай емес, ол ессіз! Мен әр жерде оның мен туралы көп сөз айтқанын білемін, - деді Канело көзқарастар жекпе-жегінен кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында.
Альварес үшінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіп, «Головкинді отставкаға жіберуді жоспарлап отырғанын» да айтты.
Геннадий Головкин қарсыласынан айырмашылығы бұл жекпе-жекті ешқандай да бір ерекше құбылыс санамайтынын атап өтті:
— Мен бұл жекпе-жекті ешқандай да бір ерекше құбылыс санамаймын — мен боксқа шығамын. Мен үшін бұл жағдай мүлде басқа. Егер оның маған қатысты жеке пікірі болса, бұл менің мәселем емес, - деді қазақстандық спортшы.
GGG де Альварестің бұл қылығына таң қалды.
— Мен бұл жағдайды түсінбеймін. Екеуміз екі рет керемет жекпе-жекке шықтық , содан кейін құшақтасып, қол алысқанбыз, енді бірдеңелер айтып жатыр... Мені ол туралы көп айтқан дейді, білмеймін... Ол туралы жаман сөз айтқан емеспін, - деді Головкин.
Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, тартысты тең есеппен аяқталды. Одан бір жылдан кейін 2018 жылы тағы бір жекпе-жек өтіп, төрешілердің көпшілік шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық