Қанды қаңтар: Азаптап өлтірген полицейдің үкімін сот жұмсартпады
Фото: Halyq Uni
Семей қаласының №2 соты 11 ақпан күні Қаңтар оқиғасынан кейін уақытша ұстау изоляторында азаптағаннан қаза болған Жасұлан Анафияевтің ісіне қатысты сотталған бұрынғы полицей Арнат Мирадиловтің жазасын жеңілдету туралы мәселені қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz тілшісі құқық қорғаушы Ринат Рафхатқа хабарласып, осы мәселе жайлы сұрастырды. Құқық қорғаушы сот айыптының үкімін жұмсартпағанын мәлімдеді.
«Мирадилов не бары 5 жылға сотталған еді. Қалған мерзімін жеңіл жазаға ауыстыруға шағым түсірген, онымен судья қанағаттандырмады», деп мәлімдеді Ринат Рафхат тілшімізге.
Марқұмның әпкесі әрі заңды өкілі Ләззат Анафияеваға сот отырысы өтетіні туралы хабарлама келіп түскен. Ол осыған дейінгі алты айға созылған сот процесінде әділдікті талап етіп, бақылаушы ретінде қатысқан.
Еске салайық, 2023 жылғы 7 маусымда Жасұлан Анафияевтің өліміне кінәлі деп танылған жеті полицейге сот үкімі шыққан болатын. Олардың ішінде Арнат Мирадилов 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық