Кандидат Назарбаева мен комиссия төрағасының туыстығы сайлауға кедергі емес
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің мәжіліс депутаттығына кандидат Дариға Назарбаевамен туыстығы мүдделер қақтығысына жатпайды. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары хабарлады, деп жазады ORDA. Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып.
«Заңда жақын туыстар тізімі нақты көрсетілген. Оған - балалары, ата-анасы, немерелері, бауырлары жатады. Мұнда ешқандай алалау жоқ» - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров онлайн-брифинг кезіндегі сауалға жауабында.
«Нұр Отан» партиясының атынан мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев ОСК төрағасы Берік Имашевтің қызы Аида Имашеваға үйленгені белгілі.
Мұның алдында ОСК-да мүдделер қақтығысы болған. Комиссия мүшелерінің депутаттыққа кандидаттармен арада туыстық қатынасы белгілі болып, учаскелік сайлау комиссияларының 1500-ге жуық мүшесінің өкілеті уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
«Партия тізімдеріндегі кандидаттарды тіркеу аяқталған соң мүдделер қақтығысы болғандықтан кей учаскелік комиссия мүшелерінің комиссия жұмысына араласуы тексерілді. Себебі олардың жақын туыстары мен тікелей бастықтары тізімде болып шыққан. Учаскелік сайлау комиссияларының 1 490 мүшесінің өкілеті уақытша тоқтатылды», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 57 жастағы үлкен қызы Дариға Назарбаева әкесі басқаратын партия атынан мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған. Елдің саяси өмірінде үстемдік құрып тұрған бұл партияның 10 қаңтарда өтетін сайлаудағы кандидаттар тізіміне 125 адам бар. Оның ішінен сайлауда мәжіліске 98 депутат сайлануы керек. Сайлауға бұдан өзге 4 партия ұсынған кандидаттар да қатысып жатыр. Дегенмен олар билік атына сын айтпайды және өздерін оппозиция қатарына жатқызбайды.
Назарбаев президенттіктен кеткен соң қызы Дариға Назарбаева сенат спикері қызметіне барған. Алайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың мамыр айында арнайы жарлықпен Назарбаеваны депутаттық өкілетінен айырған. Бұл шешімнің себебі халыққа ресми түрде түсіндірілмеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы наурызда сенат спикерлігінен президенттік қызметке ауысты. Оның орнына Дариға Назарбаева барды. Осыдан кейін «өтпелі президенттің» көмегімен билікті династиялық жолмен тапсыру ықтималдығы туралы айтыла бастаған. Қазақстан Конституциясына сәйкес, президент өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның өкілеті сенат спикеріне көшеді. Ал сенат спикері президент өкілетін қабылдай алмаса, оның міндетін мәжіліс спикері атқаруға тиіс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық