Қанат Бозымбаев AZAL ұшағының қара жәшік жазбалары мен қаза тапқандардың отбасыларына 5 миллион теңге өтемақы туралы
Фото: ҚР ТЖМ
Ақтау маңындағы ұшақ апатының қара жәшігін төрт бірдей елдің мамандары зерттеп жатыр. Сонымен қатар қаза тапқандардың отбасына 5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес, бір ай ішінде алдын ала қорытындылар жариялануы тиіс. Мұнда әңгіме қылмыстық тергеу туралы емес, авиациялық билік органдары жүргізіп жатқан әуе оқиғасын тергеу туралы болып отыр.
«Тергеуге шамамен 17-18 маман қатысуда, олардың арасында Әзірбайжан, Ресей, Бразилия және Нидерланд сарапшылары бар. Олар қара жәшіктерден алынған деректерді зерттеуде. Қазір ұшу параметрлері, режимдері, экипаждың өзара сөйлесулері және жермен жасалған байланыс деректері салыстырылып, талдау жасалуда», — деді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Бұдан бөлек, әділет министрлігі жанындағы сот сараптамасы бөлімшесі қара жәшіктегі дауыстардың кімге тиесілі екенін тексеруде. Экипаж мүшелерінің жақындары да осы дауыстарды растауы тиіс. ХААҰ стандарттары бойынша, әуе оқиғасы болғаннан кейінгі 30 күн ішінде алдын ала қорытындылар жасалуы қажет.
Сонымен қатар, Бас прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс қозғалған. Істі көлік прокуроры бақылауда ұстап отыр. Қазіргі таңда баллистикалық және жарылғыш-техникалық сараптамалар жүргізілуде. Сондай-ақ, Бозымбаев ұшақ апатынан қазақ тапқандардың отбасыларына адам басына шамамен 5 миллион теңге төлеу жоспарланып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, Бозымбаев интернетте тараған ұшқыштар мен экипаж мүшелерінің сөздері туралы жазбаның қара жәшіктермен байланысын жоққа шығарды.
«Мен осы жазбаны тыңдадым, меніңше, бұл жермен сөйлескендегі жазбалар болуы мүмкін. Экипаж мүшелерінің сөйлескендерін естімедім», — деді Бозымбаев.
Оның айтуынша, қара жәшіктерде экипаж, капитан және пилот арасында болаған барлық әңгімелері жазылған, ал интернетке түскен жазба оның шынайы нұсқасынан қысқартылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық