Канададағы қайғылы оқиға: Қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Фото: Бейнежазбадан кадр
Канаданың Ванкувер қаласындағы фестиваль кезінде ер адам көлікпен адамдарды басып кетті. Қаза тапқандар саны 11-ге жетті. Теракт белгілері анықталған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Reuters мәліметінше, Ванкувердегі фестиваль кезінде бейтаныс ер адам көп адам жүрген жерге көлікпен басып кірген. Қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Мерекеге қатысқан тағы ондаған адам жарақат алды, олардың көбі ауыр жағдайда жатыр. Полиция құрбандар санының әлі де артуы мүмкін екенін ескертті.
30 жастағы жергілікті тұрғын Кай-Джи Адам Лоға екінші дәрежелі кісі өлтіру бойынша сегіз баппен айып тағылды. Тергеушілер айыптардың саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, Ло бұған дейін де психикалық жағдайына байланысты бірнеше рет құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Оның әрекетінен террористік ниет байқалмаған.
Оқиға 26 сәуір күні Sunset ауданында өткен Лапу-Лапу күнін тойлауға арналған фестиваль кезінде болды. Бұл — филиппиндік қауым үшін маңызды мейрамдардың бірі. Куәгерлердің айтуынша, қара түсті Audi жол талғамайтын көлігі концерт аяқталған соң, шамамен 100 шқ/сағ жылдамдықпен халықтың арасына кіріп кеткен.
Фестивальдің соңында Black Eyed Peas тобының филиппин-америкалық музыканты Apl.de.ap өнер көрсетіп, аяқтаған. Адамдар тарай бастаған кезде, көлік тағам сататын фудтракттар мен сахна орналасқан көшеге қарай бет алған.
«Мен фудтракттан басымды шығарғанда, жан-жақта жатқан денелерді көрдім», – деді Йосеб Варде.
Оның айтуынша, жүргізуші қашуға тырысқан, бірақ фестивальге қатысушылар оны ұстап қалған.
Канада премьер-министрі Марк Карни өзінің сайлауалды науқанын тоқтатып, Ванкуверге ұшып келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық