Канадада өткен сайлауда либералдардың партиясы жеңіске жетті
Фото: Wikimedia Commons
Канадада либералдар партиясы 28 сәуірде өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Канада банкі мен Англия банкінің бұрынғы басшысы Марк Карни премьер-министр болып сайланды. Марк Карниге 172 мандат қажет. Сондықтан партия басқа партиялардың қолдауына жүгінуге ниетті.
Канадалықтар үшін либералдардың жеңісі күтпеген жағдай болды. Өйткені партия 2024 жылдың соңында танымалдылығын жоғалтқан еді. Ал Пьер Пуялев бастаған консерваторлар партиясы алда келе жатқан. Алайда соңғы уақытта жағдай күрт өзгеріп кетті. АҚШ президенті Дональд Трамптың Канаданы қосып алу жайлы озбыр мәлімдемелері және сауда баждары халық арасындағы патриоттық сезімді күшейтті. Карни бұл көзқарасты байқап, дер кезінде шешім қабылдап, егемендікті қорғауға сөз берді.
Консерваторлар керісінше, қолдауын жоғалтты. Сонымен қатар нақты жоспардың болмауына байланысты кейбірі сайлаудан шығып қалды.
Карнидің алға қойған мақсаты — сауданы қорғау, экономиканы нығайту және АҚШ-пен шиеленіскен қатынастар аясында Канада тәуелсіздігін қорғау екенін атап өтті.
Айта кетейік, 1 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан, Канададан және Мексикадан АҚШ-қа импортталатын тауарларға, сондай-ақ Канада энергетикасына баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық