«Қамшымен ұрды»: Жамбылда кәмелеттік жасқа толмаған екі баланың құлдықта болғаны анықталды
Фото: Elements Envanto
Жамбыл облысының Талас ауданында кәмелетке толмаған балалардың құлдықта ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, балалардың қай жерде екені анықталған.
«Жамбыл облысының Талас ауданында кәмелетке толмаған балалардың құлдықта ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты айтар болсақ, балалардың тұрған жері анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірлік уәкіл Даурен Бақжанов барлық мән-жайды анықтау үшін балаларға бара жатыр», – деді ол.
Orda.kz редакция бұл жағдайға қатысты қосымша пікір алу үшін облыстық полиция департаментіне және Оқу-ағарту министрлігіне жүгінді.
Жамбыл облысының полиция басқармасы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеді.
«Кәмелетке толмағандар Тараз қаласына жеткізіліп, тергеу амалдарын жүргізу және психологиялық, заңгерлік көмек алу үшін Балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Бұған дейін олар толық медициналық тексеруден өткен. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылып, ол қазір Талас ауданында жұмыс істеп жатыр. Барлық кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», — деп мәлімдеді полиция басқармасы.
Кадрлардан балалар көгерген, жараланған жерлерін, сызаттарын көрсетіп жатыр.
«Мен бес жыл тұрдым ба... Бес жыл бойы көрген қорлығым құрысыншы... Бүйтіп туғандарымнан (қорлық ред.) көрген жоқпын. Қамшымен ұрып, сабап, мал бағуға мәжбүрледі. Телефонымды алып қойды. Әр өткен көліктен сағат сұраймыз. Көретін қорлығымыз осы болды. Бүйтіп мен қорлық көрмеп едім. Үстімнің бәрі жара. Әйтеу, жатсам да, тұрсам да бір нәрсені ойлатын болдым. Туған әкемнің қолына барсам ғой деп... Үйдегі анам сөйлегісі келеді. Бірақ анам өзі қорқады. Өтініш, бір көмектесіп жіберіңіздерші. Көмектеспесеңіздер білмеймін, өзіме не істер екенімді...», — дейді 16 жастағы жасөспірім.
Ал кіші інісі өзін Ұзақбай деп таныстырып, ол да көмек сұрады:
«Бізге көмектесіңіздерші. Бізді алып кетіңіздерші. Қой жайғызады. Қой аз болып қалса да бізден көреді...», — деді бала көгерген жерлерін көрсеткен соң.
Orda.kz тілшісі ағайынды балалар Талас ауданына қарасты Көктал ауылында тұрғанын анықтады. Олар 6 тамыз күні кешкісін үйден қашып кетіп, Алматыда табылған. Балалар тұрған отбасы бұрын есепте тұрмаған. Істің мән-жайын полиция тексеріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық