Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
Фото: Envato
Абай облысында ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған жасөспірім сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу дерегінше, 2025 жылдың ақпанында жасөспірім Telegram мессенджерінде «Skinheads industries-Semey» атты чат ашқан. Өзін нәсілшіл «скинхедтер» қозғалысының жақтаушысы деп санаған, чатта да адамдарды ұлтына қарай қорлайтын мәтіндік және аудио хабарламалар жариялаған. Әсіресе Үндістаннан келген студенттер мен олардың мәдениетіне қатысты кемсітетін пікірлер айтқан.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол осылай Семейде экстремистік идеяларды таратуға тырысқан.
Мемлекеттік айыптаушы жасөспірімге 1 жыл 4 айға бостандығын шектеу жазасын сұрады. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сот оның кәмелетке толмағанын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және кінәсін мойындағанын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Соның негізінде сот жасөспірімге 1 жыл 4 айға бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Еске сала кетейік, Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 30 жылдық тәжірибесі бар ұстазды «орыс тілінде сөйлемеді» деген себеппен жұмыстан шығаруға қатысты сот ісі аяқталып, ұстаздың әділетсіз жұмыстан шығарылғаны дәлелденді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық