Камалжан Надыров Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығын басқарады
Камалжан Надыров Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.
Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген, екі жоғары білімі бар - медициналық және экономикалық. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін, Тұран университетін бітірген.
2007-2014 жылдар аралығында академик Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2016-2017 жылдар аралығында Республикалық диагностикалық орталық - Университеттің медициналық орталығын басқарды.
2017-2019 жылдары ол елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарды, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі, 2020 жылдың маусым айынан қазан айына дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық