Камала Харрис Трампты жеңісімен құттықтады
Фото: Matt Rourke
АҚШ вице-президенті Камала Харрис Вашингтонда жақтастарының алдына шығып, билікті бейбіт жолмен беруге уәде етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Дауыс берудің соңғы қорытындысын шығаруға бірнеше күн кетуі мүмкін. Алайда, Камала Харрис америкалықтардың таңдауын құрметтейтінін және сайлаушылардың еркіне бағынатынын айтты.
«Біз бұл сайлаудың нәтижелерін мойындауымыз керек. Мен президент Трамппен сөйлесіп, оны жеңісімен құттықтадым. Демократия — жеңілген адамның жеңісті мойындап, кетуі. Сайлау нәтижелеріне қарсыласпай, қарсыластың жеңісін мойындау керек. Өз сайлаушысына деген шынайы құрмет осылай көрінеді», – деді Харрис.
Сонымен қатар, Трамп сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден оны Вашингтондағы резиденциясына шақырды. Ол «бірқалыпты өтуді қамтамасыз етуге және елді біріктіру жұмысының маңыздылығын атап өтуге» міндеттеме алғанын айтты.
Сонымен қатар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Жаңалықтар
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды