Қалқаман Сариннің қатысы қандай?: «Қазақ тілі» оқулығы букмекерлік сайтқа апарды
фото: envato
«Қазақ тілі» оқулығындағы сілтеме арқылы ақын Қалқаман Сариннің авторлық сайтына өтеміз деген 5-сынып оқушылары букмекерлік сайтқа тап болды, деп хабарлайды Orda.kz.
5-сынып оқушыларының ата-аналары қазақ тілі оқулығындағы сілтеменің білім беру ресурсына емес, букмекерлік кеңсенің сайтына апаратынын анықтады.
«Кімге жүгіну керектігін білмеймін. Бір апта бұрын мемлекеттік порталға шағым қалдырдым, бірақ әлі жауап жоқ. Қазақ тілі оқулығындағы тапсырмаға берілген сілтеме букмекерлік кеңсенің сайтына бағытталады», – дейді ата-ана.



Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сайт иесі, ақын Қалқаман Саринге жүгіндік. Оның айтуынша, бұл жағдай туралы бірнеше күн бұрын естіген.
«Бірнеше күн бұрын маған «Көкжиек» баспасынан және Білім министрлігінің өкілдері хабарласып, жағдайды айтты. Сайт менің атымда болғанымен, оны 2011 жылы жасаған әрі жүргізетін – Тимур Бектұр. Тиісті органдар мен мамандарға жүгініп, сайтқа кибершабуыл жасалғанын анықтадық. Қазір сайт қалыпты жұмыс істеп тұр», – деп жауап берді ақын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық