«Кәлима айтпады»: Оралда бір әйел 5 жасар баласын күйеуінің аяусыз сабағанын мәлімдеді
Коллаж: Orda.kz
Орал қаласында тұратын әйел бұрынғы күйеуінің баласына қатыгездік көрсеткенін және алимент төлемей жүргенін мәлімдеді. Айтуынша, ер адам ұлын ислам дініндегі кәлиманы айтқызу үшін ұрып-соғып, тіпті шаңсорғышты қосып, бір бөлмеге қамап қойған, деп хабарлайды Orda.kz.
Шешесінің сөзінше әкесінен қорлық көрген бала қазір сөйлемей қалған.
«Бұл адамнан ортақ баламыз бар. Балама кәлиманы үйретемін деп осылай ұратын. Қазір балам сөйлемейді. Диагнозымен күресіп келеміз. Жалғыз өсіріп отырмын. Халықпен бірге емдетіп келемін. Кеше сотта әкесі алимент төлемеу үшін баласынан бас тартпақ болды. Бар дүние-мүлкін жасырып, өзін жұмыссыз ретінде тіркетіп қойған», — деді әйел.

Оның сөзінше, көрген зорлықтан кейін бала мүлде сөйлемей қойған, қазір ем қабылдап жүр. Әйел бұрынғы күйеуінің өзін де талай мәрте ұрып-соққанын, алайда шақыртумен келген полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбағанын айтты.
«Баламды шаңсорғыш қосып, бір бөлмеге қамап қоятын. «Лә иләһә иллАллаһ, Мұхаммадур расулуллаһ» деп айтпадың деп ұрысатын. Содан бері балам тілсіз қалды. Өзімді де таң атқанша ұратын. Таңда полиция келіп ауруханаға жеткізді. Ал оған ештеңе істемеді. Арызымды жойып жіберді», — дейді ол.
Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі Оралда көпшілікке қайырымдылық істерімен танылған. Сол себепті қоғам оны жақсы адам деп санайды.
«Бұл адамды Оралда намазхандар жақсы таниды. Қайырымдылықпен айналысқаны үшін оны жақсы адам ретінде таниды», — деді әйел.
Алимент өндіру ісі бойынша сот отырысы өтті. Әйелдің айтуынша, ол ұлын емдету үшін сотқа жүгінген. Өзі пәтер жалдап тұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық