Қаладағы ағаштарды дұрыс тексермеген «Эко Алматы» директоры жазаланды
Фото: Эко Алматы
Қаладағы ағаштар аяқ-асты құлап, тұрғындардың жеке мүлкіне зиян келтіріп жатады. Сондай-ақ, прокуратура табиғатты көгалдандыру, оның жай күйін реттестіріп отыру қызметтерінде заң бұзушылықты анықтады.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Медеу аудандық прокуратурасы Алматыдағы жасыл желекті күту қызметтерінен заң бұзушылықтарды анықтады. Талдау көрсеткендей, қалада ағаштар әсіресе жаңбырлы және желді ауа-райында көліктердің үстіне құлап, адамдарға зиянын тигізеді.
2023 жылдан бері сотқа жалпы сомасы 51,3 млн теңгені құрайтын 32 талап арыз түсіп, оның 31,2 млн теңгесі бюджеттен төленді.
Прокурорлар ағаш күтімі шараларының дұрыс жүргізілмегенін айтып отыр.
Ағаштардың жай-күйіне кешенді тексеру жүргізілмеген, деректер базасындағы мәліметтерді жаңарту жұмыстары жүргізілмеген.
Осыған байланысты прокуратураға заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде «Эко Алматы» ЖШС директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Енді аяқ-асты құлап кетуі мүмкін ағаштарды анықтау бойынша қосымша шаралар қолға алынбақ.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді