Қайырымдылық саласына үлкен соққы: Перизат Қайраттың ісі бойынша тың деректер
Фото: Orda.kz
Asar-ume қайырымдылық қоры Перизат Қайраттың ісі бойынша жәбірленуші деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Asar-ume қайырымдылық қоры салаға үлкен соққы болғанын instagram парақшасында мәлімдеді.
«ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» басшысының қаржы жымқыру ісі қоғамда кеңінен тарады. Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты» деп жазды instagram парақшасында.
ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде ОФ «Асар Үме» ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды. Істің мән-жайын толық жариялай алмаймыз, бірақ әділдік орнайтыны сөзсіз – кінәлілер заң алдында жауап береді, делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылатынын хабарлаған едік. Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.
16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.
Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушілік пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық