Қайтыс болған адамды өртеп, күлін жерлеу үшін жаңа талаптар қойылды
Фото: freepik.com
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық комитеті колумбарийлердің үй, мектеп, мәдени, спорт мекемелерінен кемі 50 метр қашықтықта салынуы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Елде кремация қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар саны артты. Жаңа талаптарға сай, крематорийлердегі пеш саны қажеттілікке қарай, яғни аза тұту рәсімдері санына, халықтың өлім-жітіміне байланысты анықталады. Сонымен қатар бір кремациялауға – бір сағат жұмсалуы керек.
Крематорийдің құрылысына сәйкес, 1 фойесі, жуынатын бөлмелері, қосалқы үй-жайлары, аза тұту залы, шлюзі, бейімделу бөлмесі мен көлік қоятын орны болуы керек.
Сондай-ақ ережеде колумбарийлер (қайтыс болғандардың күлі сақталатын зират) тұрғын үйлерден, емдеу, балалар, білім беру, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелері, бау-бақша серіктестіктері, коттедж үйлер, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері аумақтарынан кемінде 50 метр қашықтықта салынуы тиіс екені жазылған.
Жаңа санитарлық талапқа сәйкес, от жағумен, яғни кремациялаумен айналысатын адамдар міндетті түрде сіреспе мен сібір жарасына қарсы екпе алуы тиіс. Сонымен қатар олар жеке қорғаныс құралдарымен – арнайы киім мен арнайы аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық