«Қайтарылған активтер»: Сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңге бөлінді
Фото: Depositphotos.com
Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларында сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Арнаулы мемлекеттік қор Қосшы қаласында су құбыры жүйесі құрылысын аяқтауға 476,7 млн теңге бөлді.
Жоба іске асса, халық 100% орталықтандырылған сумен қамтылады. Қазіргі таңда шамамен 50 шақырым жерге құбыр тартылған. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделіп отыр. Бұл инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген.
Ал ресми дерек бойынша бүгінде Қосшыда 50 мыңнан астам адам тіркелген. Қаланың бас жоспарына қарасақ, 2038 жылға қарай тұрғындар саны 150 мыңнан асады деп болжанып отыр.
Сонымен қатар, қайтқан қаражатқа Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгінде 45 шақырым бойынша жұмыс аяқталған.
Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606,4 млн теңге жобаны толық аяқтауға, халықты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, биыл үкімет қайтарылған активтерден Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық